"Шіркін-ай!" Желіде қойлардың көрмесі Қазнетті тәнті етті

"Шіркін-ай!" Желіде қойлардың көрмесі Қазнетті тәнті етті

Қойлардың көрмесін ұйымдастырушылар Желідегі жұртшылықтың назарына ілікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Қуаныш есімді TikTok қолданушысының парақшасында жарияланып, 610 мың қаралым, 11300 лайк жинаған.

Кадрда мал иесі ортаға өзінің баптап күткен асылтұқымды қойларын халыққа таныстыруға алып шыққанын көруге болады. Сондай-ақ, сахнада олардың салмағын өлшеп салыстырған.

@kuanysh_myktybaev

КАШТАН & МАЛЫШ | КӨРМЕ, ШЫМКЕНТ

♬ оригинальный звук - Kuanysh Myktybaev

Желі қолданушылары бұл видеоға түрлі пікір қалдырған.

"Неткен керемет", "Еті қалай болады екен?" "Шіркін-ай! Қазақтың малдары", "Арашан породасындағы қойлар", "Қойларды төбелестіре ме?" деп ойлап қалдым", - деп жазған олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы