Энергетика министрлігі ғимараты алдындағы дау: "ҚазМұнайГаз" өкілдері мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі ғимараты алдындағы дау: "ҚазМұнайГаз" өкілдері мәлімдеме жасады
Фото: Тұрар Қазанғапов

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ аппаратының басшысы Ержан Омаров бастаған арнайы құрылған байланыс тобының мамандары Жаңаөзеннен Астанаға келген мұнайшылармен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазМұнайГаздың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңаөзеннен келген жұмысшылар Энергетика министрлігі ғимаратының жанында жүр. Олар бұрын "Өзенмұнайгаз" АҚ, ҚМГ еншілес компаниясы үшін мұнай сервистік қызметтерін орындауға арналған тендерден ұтылған "БерАли Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері.

"Бұлай талап ету дұрыс емес". Көлгінов Астанаға жиналған жаңаөзендік жұмысшылар туралы пікір білдірді

ҚМГ мамандарымен бірге келіссөздерге "БерАли Мангистау Company" ЖШС және "Ai-Bis" ЖШС басшылығы қатысып жатыр. Жұмысшыларға жалақыларын сақтай отырып, "Ai-Bis" ЖШС және "Кезби" ЖШС (сонымен қатар, мұнай сервисі қызметтерін көрсетеді) жұмысқа алу ұсынылды.

"Жұмысшылар басқа компанияға ауысқан кезде бұрынғы барлық еңбек жағдайын, соның ішінде жалақы мөлшері мен әлеуметтік пакетті сақтауы керек. Тендер қорытындысы бойынша, "Өзенмұнайгаз" АҚ мердігері болған компанияның алдына осындай міндет қойып отырмыз. Алайда, құқықтық рәсімдер аясында әрекет ету керек, жұмысшылар мұны түсінуі керек", - деді ҚМГ аппаратының басшысы Ержан Омаров келіссөздер барысында.

Жаңа министр Сәтқалиев жаңаөзендік жұмысшылармен неге жеке келіссөз жүргізбегенін түсіндірді

Сонымен қатар, "БерАли Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері "Өзенмұнайгазда"жұмыс істеуді талап ете отырып, ұсынылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға ниеті жоқ екенін мәлімдеді.

Жиналған мұнайшыларға "Өзенмұнайгаз" АҚ штатына қолданыстағы құқықтық рәсімдерді айналып өту үшін жұмысқа орналасу жөніндегі талаптары заңсыз екенін түсіндірді. Бұл Жаңаөзен жұмыссыздарын кезек тәртібімен жұмысқа орналастыруды көздейтін осы ұйымға жұмысқа жалдау ережелеріне қайшы келеді. Бұл ережелер моноқала тұрғындарының талабы бойынша жұмыс орындарын адал бөлу үшін қабылданды. Келіссөз әлі де жүргізіледі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина