"Бұлай талап ету дұрыс емес". Көлгінов Астанаға жиналған жаңаөзендік жұмысшылар туралы пікір білдірді

Үкімет отырысында елордаға келген жаңаөзендік мұнайшыларға қатысты вице-премьер Алтай Көлгінов пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚазМұнайГаздың еншілес компанияларының жағдайы туралы. Тендерлік процедуралар жүргізілгенін білесіздер, ал жеңілген компания, оның жұмысшылары қазір қайта қарау (тендер қорытындысы - ред.) мәселесін көтеріп жатыр. Бірақ бәрін заң жүзінде шешу керек. Қазір Энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" өкілдері келіссөздер, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді Көлгінов.

Вице-премьердің айтуынша, бұл келіссөздер процесі де, барлығы да заң аясында шешілуге тиіс.

"Олар жеңілген компанияның тендерде жеңгенін қалайды. Бірақ бұл мүмкін емес. Біз мұны заң аясында жасауымыз керек. Тендерлік талаптар бар, не сотқа жүгінуі керек, не бәрін заңды түрде қарауы керек. Бұлай талап ету дұрыс емес. Біздің міндетіміз оларға қолжетімді бос жұмыс орындарын ұсыну, мұнымен мемлекеттік органдар айналысады", - деді Көлгінов.

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзеннен барған 60-70-ке жуық адам талаптарын айтып, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналды. Бұл мәселеге қатысты Қазмұнайгаз өкілдері пікір білдірді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!