"Анасының көшірмесі ғой". Кимешек киген Жанар Айжанова мен Жұлдыз Адайбекова Желі қолданушыларын тәнті етті

"Анасының көшірмесі ғой". Кимешек киген Жанар Айжанова мен Жұлдыз Адайбекова Желі қолданушыларын тәнті етті
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Бірдей кимешек киген Жанар Айжанова мен Жұлдыз Адайбекова Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видеоны блогер әрі сәнгер Жұлдыз Адайбекова Instagram-парақшасына жүктеген. 

"Ауызашарға кеттік", - деп жазған ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Julie) (@aizhuldyz_adaibekova)

Айжұлдыз Адайбекова Stories-інде блогер Балқия Балтабайдың ауызашарына барғанын айтты. 

Әлеуметтік желі қолданушылары анасы мен қызының мұндай образын көріп, түрлі пікір қалдырған. 

"Міне, арабтың киіміне еліктемей, осындай кимешек кию керек қой. Керемет", "Ctrl+c, ctrl+v", "Міне, осылай киініп алып намаз оқи берініздер, қандай тамаша, әйтпесе арабтарға еліктеп, олардың бизнесіне көмек етіп жүрміз. Одан да қазағымның бизнесі дамысын, кимешек тіксін", "Бәрі осылай жүрсе", "Сұлулықтың символы", "Қатты ұқсайсыздар", "Мамасының аузынан түсіп қалғандай", "Анасының көшірмесі ғой, пай. шіркін", - деп жазған олар. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде хиджаб киюге қатысты сын немесе пікірлер айтылды. Оған себеп кейінгі кезде шоу-бизнес өкілдері, блогерлер мен инфлюенсерлердің хиджаб кие бастауы болған. Бұл мәселеге қатысты тарихшылар мен Нұрлан имам пікір білдірген еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек