Киелі жерге бара жатқан: Павлодар облысында жоғалған әйел өлі табылды

Павлодар облысында киелі жерге бара жатқан кезде жоғалып кеткен әйел өлі табылды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай туралы Павлодардағы Vita еріктілері хабарлады. Олардың айтуынша, 36 жастағы әйел Шалдайдағы киелі жерге барған кезде жоғалып кеткен. Бұл туралы еріктілер әлеуметтік желілердегі парақшасында да жазды.

"Бізге жоғалған адамның туысы қоңырау шалып, қаңтарда әйелдің ұлына аутизм диагнозы қойылғанын айтты. Әйел оны қабылдай алмаған. Өз-өзіне қол жұмсағысы келген, күйзеліске түскен, денсаулығы, ұйқысы, тәбетіне байланысты проблемалары басталған. Туыстары түрлі әдіспен көмектесуге тырысқан. Оны Шалдайда орналасқан қасиетті жерге апаруды ұйғарған. Біз нақты не болғанын білмейміз, бірақ әйел 9 сәуірде сағат 15.00-де жоғалып кеткен. Біз оны 19:48-де іздестірдік. Бірақ бұл уақытқа дейін оны полиция да іздеді", - деді еріктілер.

Полицейлер мен туыстарынан бөлек жоғалған әйелді құтқарушылар да іздеген.

"Біз де бір орында тұра алмадық және әйелді іздеу үшін орманға шықтық. Бірақ жоғалған жерге жақындаған кезде оның табылғанын естідік, ол тоңған әрі орманда адасып қалған жерінен табылды деп ойладық. Бірақ, өкінішке қарай, өлі табылды", - деді еріктілер.

Полиция тергеу басталғаны туралы хабарлады.

"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша соталды тергеу басталды", - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!