Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауады

Алматыда нөсер жауын, ал Түркістан облысында жаңбыр, қар жауады. Қазгидромет синоптиктері бүгін, 11 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

Түркістан облысының тауында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте  түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. 

Ұлытау облысында шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік болады. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 17-22 м/с, найзағай кезінде кей уақытта 25 м/с.

Алматыда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15 м/с. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!