"Денем тітіркеніп кетті". Кішкентай жұлдыз Желіні тәнті етті

Әлеуметтік желіде көпшіліктің ортасында ән айтып, жиналған жұртты да, сахнада тұрған танымал әнші Мархаба Сәбиді де таңғалдырған кішкентай қыздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

TikTok желісіндегі видео 300 мыңнан аса қаралым жинаған.

"Мархаба Сәби дауысына таңғалды", - делінген видеода.

@bolat_baltabayev #врекоминдации2023 #хочуврек #таланты #мархабасаби #супер #аншилер ♬ оригинальный звук - Bolat_Baltabaev

Желі қолданушылары кішкентай өнерпаздың дауысына таңғалғанын жасырмаған. Олар қыздың дайын жұлдыз екенін айтқан.

"Дауысы қандай тамаша", "Қиналмай, керемет айтып тұр", "Керемет дауыс", "Кім бірнеше рет тыңдап, рахаттанды?", "Болашақ жұлдыз", "Денем тітіркеніп кетті", - дейді пікір жазғандар.

Видеодағы қыздың есімі - Сұлухан Жарылқасын. 

"Бұл менің қызым, ақылдым. Рақмет бәріңізге", - деп пікір жазған жас жұлдыздың анасы да.

Сондай-ақ, ол парақшасында қызының сахналарда, тойларда өнер көрсеткен видеоларын жүктеп отырады. Видеолардан Сұлухан кішкентай кезінен-ақ әнге құмар екені көрінеді. 

@gulnara_ahmetova1986 Ответ пользователю @ARnAt ♬ оригинальный звук - Гульнара Ахметова
@gulnara_ahmetova1986 #муз #рек #врекомендации2023 #astana #music #му ♬ оригинальный звук - Гульнара Ахметова
@gulnara_ahmetova1986 #врекомендации2023 #талант #рек #music #astana #муз #астана #аншилер ♬ оригинальный звук - Гульнара Ахметова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!