"Сауап па, күнә мә?". Продюсер Бауыржан Есебаев көп әйел алуға қатысты пікір білдірді

Танымал өнер адамдарының жұлдызын жаққан продюсер Бауыржан Есебаев бір кездері екінші әйел алғысы келген. Бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасында айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарлама мәліметінше, Бауыржан Есебаев шаңырақ көтергеннен кейін тағы бір қызға ғашық болған. Өнерпаз әйелін сол қызбен сөйлестірген. Ал продюсердің әйелі сол қызға "жолдасыма екінші әйел боласыз ба? Мен сізді дайындайын" депті.

"Бағдарламаны көретін қарапайым адамдар ғой. Олар түсіне алмайды. Оны Исламда жүрген адамдар түсінеді. Исламдағы адамдар десек, "салафит" деп шығады. Мұны түсіну өте қиын. Ол үшін діни сауат керек. Дәл солай айтқан болсам, сондай ойым болған шығар. Күйеуіне әйел алып беру деген - дана әйелдердің тірлігі. Ондай адамдар - мыңнан бір. Екі әйел немесе көп әйел алуды жеккөрінішті нәрсеге, қалжың әзілге сай дүние жасап жіберген. Оның бәрі - шын мәнінде надандық. Себебі екінші әйел бола ма, төртінші әйел бола ма, ол да қазақтың қызы ғой. Адамның басында неше түрлі жағдай болады. Біреу ажырасады, бала-шағасымен қалады. Кімнің қызы, кімнің сіңілісі ажыраспайды дегенге кепілдік бар? Ешкім айта алмайды. Сондықтан оңғаннан екінші әйел болмайды. Бұл - өмір. Ол дінде көп әйел алушылық деп аталады. Өзімнің достарымның екі-үш әйелдері бар. Барлығы керемет сұлуларды алып жатқан жоқ. Өмірде теңін таппаған, ажырасқан, күйеуі өлген. Бір бауырымыз алты баласымен алды. Сауап па, күнә мә? Бірінші әйелге қандай жауапкершілікпен келесің, екінші әйелге де сондай жауапкершілікпен келу керек", - деді ол бағдарлама барысында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!