Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды
Фото: diapazon.kz

Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұрынғы шенеунікті қамауға алу мерзімін ұзарту туралы ақпаратты Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметі растады. Ермек Имантаев 2023 жылғы 8 мамырға дейін қамауда болатыны хабарланды.

Биыл ақпанда сот оны екі айға қамауға алуға санкция берген. Ол билігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек