Жантүршігерлік кадр: Алматы облысында ер адам итті көлігіне байлап, өлімші етіп сүйреген

Алматы облысында итті сүйреген ер адамның әрекетін куәгерлер байқап, видеоға түсіріп алған. Оқиға Алатау тасжолы бойында Тұздыбастау аулында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан елді мекен көшелерімен кетіп бара жатқан қызыл түсті көлікке байланға итті көруге болаы. Қиналған жануар қан жоса болып, жүруден қалған.

Әлеуметтік желіде тараған видеода куәгер көлік иесін тоқтатып, итті баудан босатып алғанын айтады. 

Талғар аудандық полиция басқармасында бұл оқиғаға қатысты 316-бап бойынша әкімшілік іс қозғалған.

"Құқықбұзушы 1987 жылғы ер адам анықталды. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Саламат Сабыр

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!