Оралда танымал журналист қайтыс болды

Оралда танымал журналист қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Дмитрий Терещенконың өліміне жүрек қызметінің жедел жетіспеушілігі себеп болған.

Журналистік қызмет еткен жылдары студенттік "Өркен" газетінде, "Надежда", "Приуралье", "Уральская неделя" газеттерінде, "Қазақстан Орал" телеарнасында тілші болып қызмет етті. Ол республикалық "Литер" газетінде БҚО бойынша арнайы тілші қызметін атқарған.

Дмитрий Терещенкомен қоштасу 11 сәуірде сағат 12:30-да "Талап" ғұрыптық қызмет көрсету залында өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!