Атырау тұрғындары митингіге шықты

Бүгін Атырауда жергілікті журналистердің бастамасымен митинг өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бейбіт шеру Атырау қаласындағы "Мұнайшы" стадионы маңында өтті. Шеруге журналистермен бірге әртүрлі жастағы қала тұрғындары қатысты.

"Біздің мақсатымыз - Атыраудың экологиялық проблемаларына жергілікті билік өкілдерінің назарын аудару. Атыраудың экологиялық ауыр жағдайы нақты шешімдерді қажет етеді" - дейді журналистер.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау тұрғындары лас ауаға шағымданғаны хабарланған болатын. 

Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!