Жаңаөзенде қызметкерлеріне 24 миллион теңге жалақы төлемеген компанияға айыппұл салынды

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы "ECSAD" ЖШС еңбек заңнамасын бұзғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Облыстық прокуратура мәліметінше, "ECSAD" ЖШС 62 қызметкеріне 2022 жылдың желтоқсаны мен биылғы ақпан айының жалақысын төлемеген. Серіктестіктің жұмысшылар алдындағы қарызы 24 миллион теңгеден асқан.

"Прокуратура Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыным енгізді. Нәтижесінде берешек толығымен өтеліп, қызметкерлердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы 1-бөлігіне сәйкес еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін жұмыс берушіге 30 АЕК, яғни 103 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!