"Анасын пышақтап, өзіне қол жұмсамақ болған". Павлодар облысында жантүршігерлік оқиға болды

Павлодар облысын Тереңкөлде ер адам анасын пышақтап, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға 2023 жылғы 4 сәуірде болған.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, Тереңкөл ауылындағы үйлердің біріне таңертең ерте қоңырау түскен.

Оқиға орнынан 62 жастағы әйел іші мен мойын тұсынан көп пышақ жарақатымен табылды. 

Дәрігерлер тағы бір жарақат алған адамды тапқан. Тереңкөл аудандық ауруханасына пышақ жарақатын алған 35 жастағы ер адам жеткізіліп, ота жасалды.

"Ер адамның айтуынша, ол анасын пышақтап, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған", - дейді дәрігерлер.

Бұл дерек аудан әкімдігінде расталды.

"Іс үш күн бұрын болды, қайғылы оқиға болды, ұлы анасын пышақтап тастады. Ер адамға ота жасалды, ол ауруханада жатыр", - деді аудан әкімінің орынбасары Ринат Мадин. 

Аудан әкімі орынбасарның  айтуынша, қазір тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!