"Алты бала бар". Түркістан облысында жыл басынан бері 10 адам суға кеткен

Түркістан облысында жыл басынан бері 10 адам суға кеткен. Оның ішінде 6 кәмелетке толмаған бала бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасыа сілтеме жасап. 

Былтыр өңірде 37 адамның суға бату дерегі тіркелген. Оның ішінде 27 бала бар. Ал, кейінгі 7 жылда 328 адам суға батып кеткен. Оның да жартысынан көбі - кәмелет жасқа толмаған жеткіншектер.

Биыл жыл басынан бері облыста 10 қайғылы оқиға тіркеліп отыр. Бұл жолы да 6 баланы су ағызып әкеткен.

"Күннің жылынуына байланысты тұрғындар су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға тиіс. Жас балаларды бақылаусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ, өзен арналарына барғанда және табиғатқа демалысқа шыққанда балаларды қастарынан алысқа жібермегені дұрыс. Үйде де балалардың өзенге жақын жерде ойнамауын қадағалау керек", - дейді Түркістан облысы Төтенгше жағдайлар департамент азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Б. Құрмаш.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістанда жоғалған 11 жастағы қыздың мәйіті каналдан табылғанын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!