Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін Олимпиада қатысушысымен өткізеді

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін Олимпиада қатысушысымен өткізеді
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Найман Хамит келесі жекпе-жегінің қашан, қайда өтетінін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Хамитов 19 мамырда Алматыда ресейлік Залимхан Юсуповпен жұдырықтасады.

Оның қарсыласы 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Еркін күрестен Тәжікстан құрамасының намысын қорғап, 11-орын алған.

Зәлімханның қоржынында 2014 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдесі бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Куат Хамитов (@kuat__khamitov)

Қуат Хамитов Instagram-дағы парақшасында "Міне, біз үйдеміз. 19 мамырда бәріңізді "Алматы Аренада" күтемін", - деп жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Куат Хамитов (@kuat__khamitov)

Айта кетейік, аештің басты оқиғасы тағы бір қазақстандық Мұратбек Қасымбайдың ресейлік Аловсет Мамиевпен жекпе-жегі болмақ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан