Аяусыз тепкен. Семей тұрғыны мысықты өлтіргені үшін 90 сағаттық жұмысқа жегілді

Семей тұрғыны мысықты өлтіргені үшін 90 сағат қоғамдық жұмыс істеп, қала көшелеріндегі қоқысты тазалайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті мәліметінше, 26 жастағы қала тұрғыны түн ішінде пәтерінен кіреберіске темекі шегуге шыққан. Сол кезде баспалдақта дәрет сындырған мысыққа көзі түскен. Ашуланған жігіт үй жануарын тепкінің астына алып, ақыры өлтіріп тынған. Бұл жағдай бейнебақылау камерасына түскен.

Сот процесінде ол өз кінәсін мойындап, кешірім сұраған.

"Мысыққа жауыздық танытқан жігіт пробация қызметінің есебіне алынып, жергілікті атқарушы органдарға 90 сағаттық қоғамдық жұмыс істеуге жіберілді. Айыбын қалай өтеудің тәртібі түсіндірілді", - дейді әділет майоры Асанәлі Диханов.

Айбын Алтай

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!