Көлік жөндеп жатқан: БҚО-да 13 жастағы бала әкесін абайсызда басып өлтірді

Көлік жөндеп жатқан: БҚО-да 13 жастағы бала әкесін абайсызда басып өлтірді
Фото: riogs.ru

Батыс Қазақстан облысында 13 жастағы жасөспірім әкесін жүк көлігімен басып өлтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 4 сәуірде Ақсайда 47 жастағы ер адам үйдің ауласында көлік жөндеп жатқан кезде болған.

"1976 жылғы жүргізуші үйінің ауласында өзінің "Газ САЗ 35071" (самосвал) көлігін жөндеп жатқан. Тормоз сұйығын ағызу кезінде ол көліктің астында жатып, кәмелетке толмаған 2009 жылғы ұлына кабинада көлікті оталдырып, тормоз тепкішін басып, көмектесуін өтінген. Бұл кезде беріліс қорабы қосулы тұрған көлік өздігінен алға жүріп, ер адамды басып кеткен. Салдарынан ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек