Әлеуметтік өнімдерге баға белгілеу шарты өзгерген жоқ - министрлік

Әлеуметтік өнімдерге баға белгілеу шарты өзгерген жоқ - министрлік
Фото: freepik.com

Сауда және интеграция министрлігінде ұлттық тауарлар каталогын (ҰТК) енгізу процесі және жанар-жағармай бағасы өсуі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне қаншалық әсер ететіні айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық тауарлар каталогы - өнімнің әр түріне арналған штрих-кодтардың бірыңғай номенклатурасы. Бұл сауда желілері өнімдері туралы деректердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар үшін есептілікті жөнелту және жинақтау процестерін оңтайландыру, сатушылар үшін жаңа тауарларды енгізу және іздеу процестерін автоматтандыру үшін қажет.

"Бүгінде ұлттық тауар каталогында әртүрлі санаттағы 6 миллион 5 мыңнан аса бірегей тауар туралы мәліметтер бар. Қазір сауда желілерінен берілген формат бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарды және өлшеніп сатылатын тауарлардың номенклатурасын жинау жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Ұлттық тауар каталогын пилоттық режимде іске қосу биыл мамырға жоспарланған.

"Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің екіншісі - ЖЖМ бағасының алдағы өсуінің азық-түлікке әсері. Сауда-бөлшек сауда желілерінің өкілдері бүгінгі таңда олардың тарапынан әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын өзгерту үшін алғышарттар жоқ екенін айтты, өйткені баға белгілеудің негізгі шарттары айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы әрі қарай экономикалық тұрғыдан негізделеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, ұлттық тауарлар каталогы тауардың атауы, штрих-код, тауардың сипаттамалары мен қасиеттерінің сипаттамасы, өндірушілер, жеткізуші және басқа да атрибуттары туралы ақпаратты қамтитын тауарлардың анықтамалығы саналады. Каталог тұтыну тауарларын да, өнеркәсіптік жабдықтарды да, басқа да тауарлар мен қызметтерді қамтуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова