Шавхат Рахмоновқа "қолы жетпеген" бойжеткен ағыл-тегіл жылады

Шавхат Рахмоновқа "қолы жетпеген" бойжеткен ағыл-тегіл жылады

Аралас жекпе-жек шебері Шавхат Рахмоновпен суретке түсе алмаған бойжеткен ағыл-тегіл жылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Айтханым есімді TikTok қолданушысының парақшасында жарияланды, ол 161 мың қаралым, 8200 лайк жинаған.

Кадрдан Айтханым есімді бойжеткеннің Шавхат Рахмоновпен суретке түсе алмай, жылап келе жатқанын байқауға болады.

"Шавхат Рахмоновпен суретке түсе алмай қалдым. Кетіп қалды, жай ғана өтіп кетті", - делінген видеода.

@_erbolatkyzyyyy06 @SHAVKAT_RAKHMONOV кетып калдынызгой ??#shavkatrakhmonov #? #рекомендации #обидно ♬ оригинальный звук - Айтханым?

Ал Шавхат Рахмонов қызды жұбату үшін видеоға "Ақтөбеге кел", - деп пікір қалдырған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы