Димаш Құдайберген грантын біреуге сыйлай ала ма? "Болашақ" өкілдері жауап берді

Димаш Құдайберген грантын біреуге сыйлай ала ма? "Болашақ" өкілдері жауап берді
Фото: Instagram

Димаш Құдайберген "Болашақ" грантынан бас тартқанын мәлімдеген болатын. Ол грантын келесі жылы талантты қазақстандыққа сыйлайтынын айтқан еді. Бағдарлама өкілдері "Болашақ" гранты басқа адамға сыйланбайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Димаш Құдайберген биыл "Болашақ" бағдарламасымен АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласындағы New York Film Academy-де "Режиссура" мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуі керек болған еді.

"Болашақ" халықаралық стипендиясы жеке адамға арналған және басқа тұлғаға берілмейді. Байқау жеңімпазы "Болашақ" стипендиясынан бас тарта алады. Бұл жағдайда стипендиат оған стипендия берілген күннен бастап оған жұмсалған барлық шығынды өтеуі керек екенін айта кетейік", - деді "Болашақ" бағдарламасының өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген "Болашақ" грантынан бас тартқаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова