Мұрат Мұқышев ШЫҰ қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші қызметіне тағайындалды

Мұрат Мұқышев ШЫҰ қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші қызметіне тағайындалды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Мұрат Мұқышев Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Алтынғазыұлы Мұқышев Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова