"Не істерімді білмедім". Елімізде ішімдікке салынған әйелдер саны үш есе көбейген

"Не істерімді білмедім". Елімізде ішімдікке салынған әйелдер саны үш есе көбейген
Фото: elements.envato.com

Қоғамда ішімдік ішетін әйелдер көбейіп барады. Көрсеткіш былтырмен салыстырғанда үш есе артқан. Жас мөлшері де жылдан-жылға жасарып барады. Бұрын наркологиялық орталыққа емделуге 50-ді еңсергендер барса, қазір 25-30 жас аралығындағылар дертіне дауа іздеп жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

"Қарызға батып кеткен кезім болды. Біреуден алып, біреуін жауып жүрдім. Күнде үйге "қарызыңды қашан қайтарасың?" деп іздеп келеді. Шығатын жол таппадым. Не істерімді білмедім? Ешкім көмектесе алмады. Сол кезде мына ішімдегі ауруды жеңілдету үшін, анда-санда арақ ішіп тұратынмын. Маған арақ ішсем бәрі жеңілдейтіндей, бәрі ұмытылатындай көрінді", - дейді кейіпкер. 

Дәрігерлер ерлерге қарағанда әйелдер алкогольге тез тәуелді болады дейді. 

"Күйзеліске ұшыраған әйелдерде гармондағы ерекшеліктердің әсерінен ішімдікке тәуелді болады. Олар алкогольді қабылдағаннан кейін бір бөтелке ішті, екіншісін ішті, одан кейін оған қалыпты жағдай болып есептеледі де организм сұрайды. Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда стреске, күйзеліске тұрақты болып келеді. Әйел адамдар нәзік жанды болғандықтан кейін, тәуелді болады" - дейді терапевт Меруерт Баулы.

Мамандар ішімдікке әуестіктің жасарып бара жатқанының бірнеше себебін айтты. Соның бастысы - мектеп оқушыларының энергетикалық сусынды көп ішуі. Олар құмарлықты оятады.

"Он сегізден ары қарай алкогольге көшеді, сыраға көшеді. 27-28 жасында бізге келгенде салынып ішіп алкогольизмнің екінші сатысы байқалады. Ал енді ол неге жасарып бара жатыр?! Ата-анасы алкоголь ішсе, балалар соған ерте үйреніп алады", - дейді нарколог Тоқтар Қойшыбеков. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек