Павлодарда ер адам көшеде жалаңаш жүрген

Бүгін, 5 сәуірде сағат 17:30 шамасында Павлодардың Лермонтов көшесінде жалаңаш жүрген 31 жастағы тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әрі қарай талқылау үшін ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ер адам өз әрекетінің себептерін түсіндіре алмады.

Осы факті бойынша ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Материал әкімшілік шара қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!