Димаш Құдайберген "Болашақ" грантынан бас тартты

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Болашақ" грантынан бас тартты. Ол бұл туралы журналист Рашит Ілиясовқа айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Димаш Құдайберген биыл "Болашақ" бағдарламасымен АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласындағы New York Film Academy-де "Режиссура" мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуі керек болған. Ол сұхбатында қазір Лос-Анжелесте оқу бойынша емес, музыкалық продюсер Уолтер Афанасьеффпен бірге ән жазып жатыр. 

Ол журналистке "Болашақ" бағдарламасы бойынша грантын келесі жылы талантты қазақстандыққа сыйлайтынын айтқан.

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің "Болашақ" стипениясының иегері атанғаны белгілі болған еді. 

Жуырда әнші Instagram-дағы парақшасына АҚШ-тағы пәтерінде түскен суретін жариялады. Онда ол үлкен терезеге Қазақстанның жалауын іліп қойған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!