Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Бокстан Олимпиада чемпионы, спорт және дене шынықтыру комитетінің бұрынғы басшысы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Серік Сәпиев Қазақстан спортшылары одағының президиумының төрағасы болып тағайындалды. 

Кәсіподақ жұмысы жаңа деңгейге көтеріліп жатыр. Сондықтан шешім қабылдау функционалдық топтың қатысуын және спорт және басқа салалардағы көп маман мен сарапшының тәжірибесін талап етеді.

"Спорт әдіснама, ғылым және психология арасындағы күреске айналды. Заманауи мәселелерді жан-жақты шешу, проблемаларды талдау және шаралардың уақтылы орындалуы үшін Одақ Төралқа құру туралы шешім қабылдады, онда барлық өзекті мәселе алқалы түрде шешілмек", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!