"Ғашықтың тілі - тілсіз тіл". Кішкентай спортшылардың махаббатына жұрт тәнті болды

"Ғашықтың тілі - тілсіз тіл". Кішкентай спортшылардың махаббатына жұрт тәнті болды

Желіде жаттығу залында дайындық өткізіп тұрған жеткіншек қарсылас қызға ғашық болып қалғаны көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Ақжолович есімді TikTok қолданушысының парақшасында пайда болды. Ол 263 мың қаралым, 24 мың лайк жинаған.

Кадрда екі жеткіншектің жаттығу залында бір-біріне қарсы дайындық жүргізіп тұрғанын көруге болады. Қыз жігітті аяусыз соққыға алса да, жігіттің тарапынан ешқандай жауап болмады. Мұны желі қолданушылары "бала ғашық", - деп топшылаған.

@akzholovich77 #влюбленность #рекомендации ♬ оригинальный звук - akzholovich¹

"Ғашық қасқыр енді жыртқыш емес", "Бала ғашық болып қалған-ау", "Жастай кетіп тұр ғой мына бала", "Ғашықтың тілі тілсіз тіл", "Қазірден таяқ жеп тұр", "Жақсы көрсе бәрін істейтін жігіт екен", "Қыз оны ойлап тұрған жоқ", "Жаным-ау, ғашықтық көздеріңнен", - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы