Темекі ұстаған балалардың видеосы Қазнетте қызу талқыланып жатыр

Темекі ұстаған балалардың видеосы Қазнетте қызу талқыланып жатыр

Балабақшада "ерекше концерт" өткізген ұйымдастырушылар халықтың сынына қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны Ақмарал есімді TikTok қолданушысы парақшасына салған, 126 мың қаралым, 6 мың лайк жинаған.

Кадрда балабақша балалары ретро стилінде киініп, ерекше концерт өткізгенін байқауға болады. Бірі 80-90-жылдардағы бандиттің рөлін сомдаса, енді бірі қолына магнитофон ұстап, әндетіп тұр.

@akmaral8515 #детицветыжизни #дети #ретро #ретростиль #молодойартист ♬ оригинальный звук - Акма

Алайда Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген.

"Темекісі дұрыс болмады, балаға оның орнына гитара беру керек еді", "Бұл ретро емес, масқара", "Жарайсыздар!", "Не деген еңбек", "Тіл көзден аман болсын!", "Балабақша басшысы қайда қарап отыр?" - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы