Тоқаев пен Тасмағамбетов кездесуде не туралы сөйлесті?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді.

Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, ұйымның биылғы жоспары талқыланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!