"Аягөз қайда барасың" әнінің орындаушысы әнші Мәлік Жамбылұлы қыздарға қандай талап қоятынын айтты

"Аягөз қайда барасың" әнінің орындаушысы әнші Мәлік Жамбылұлы қыздарға қандай талап қоятынын айтты

"Ең алғашқы махаббат", "Аягөз қайда барасың", "Екінші сұлу" әндерінің орындаушысы Мәлік Жамбылұлы Жұлдыз FM студиясында қонақта болып Massaget.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

Әнші өнерге білек сыбана кіріскен, сол үшін арнайы Алматы қаласына көшіп келген.

"Жылдың басын жаңа бастамалармен бастайық" деп 2023 жылы қаңтарда Алматыға жалғыз өзім, екі шабаданмен Ақтаудан көшіп келдім. Әзірше үй жоқ. Үйді жалға алып тұрамын", - дейді әнші.

Жастар арасында хитке айналған "Аягөз қайда барасың" және "Синий трактор" әнінің бірге шырқалғанына әнші алғашында мән бермеген.

"Басында "ой" деп өтіп кете салдым, кейін барлығы жіберді. Қарап едім бір жағы жақсы жинап қалыпты, сосын "жақсы" деп кейде өзім де тойларда шырқаймын", - дейді өнер иесі.

Әнші табыс көзіне айналған әлеуметтік желі TikTok- та, тікелей эфирде отырмайтынын айтты, дегенмен ара-тұра видео салып тұрады екен. "Өнерге бір күнде және бір күнге келмедім" деген өнерпаз жүрегін жаулар ару әлі табылмағанын да айтты.

"Менің қазіргі әндерім барлық аруға арналады. Егер үйленіп жатсам әндерімді келіншегіме арнап жазамын. Бірақ мен әйелімді өзімнің тірліктеріме араластырмаймын. Ата-анамның қасында үйдің шаруасын тындырып, менің тамағымды дайындап отыруы керек. Біз әйел адамды жұмыс істетіп қоюға алмаймыз. Мен өзім асыраймын", - дейді Мәлік Жамбылұлы.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы