"Алты қазақстандық бар". Forbes журналы ең бай адамдар тізімін жариялады

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады. Рейтингіде KAZ Minerals компаниясының президенті Владимир Ким, Тимур және Динара Құлыбаевтар, Каспи банк иелерінің бірі Вячеслав Ким, Freedom Holding басшысы Тимур Турлов және Болат Өтемұратов бар. Биылғы тізімге жалпы 6 қазақстандық енген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Ең бай адамдар қатарында KAZ Minerals компаниясының президенті әрі басшысы Владимир Ким бар. Оның байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланды. Ал былтыр оның табысы 5 миллиард доллар болған. Әлемдік тізімде 62 жастағы кәсіпкер 582-орында тұр.

Ерлі-зайыпты Тимур мен Динара Құлыбаевтар тізімде 627-орында тұр. Олардың табысы 3,8 миллиард доллардан 4,4 миллиард долларға жеткен. 

Вячеслав Ким 3,6 миллиард доллармен 805-орынға жайғасты. Оның байлығы былтырмен салыстырғанда өскен. Вячеслав Ким - Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. Кәсіпкер "Алсеко" АҚ-тың 90 пайызына иелік етеді. 

Ал Freedom Holding брокерлік компаниясының басшысы Тимур Турлов 3,1 миллиард доллармен рейтингіде 909-орынға көтерілді. Оның байлығы былтырмен салыстырғанда 700 миллион долларға өскен.
 
Ал Қазақстан Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың табысы керісінше кеміген. Қазір 2,7 миллиард доллармен Өтемұратов 1111-орында тұр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!