АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп қамауға алынды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сейсенбіде, сәуірдің 4-інде Манхэттен округі прокурорының кеңсесіне келді, онда ол айып тағылғанға дейін қамауға алынды. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұтқындау кезінде экс-президенттің саусақ ізі алынады. Содан кейін ол сот отырысы өтетін сот залына жеткізіледі. Трамп қамауға алынғаннан кейін қолына кісен салынбайды, өйткені ол үнемі құқық қорғау органдарының қорғауында.

Трамп қылмыстық жауапкершілікке тартылған АҚШ-тың алғашқы экс-президенті болды. Ол порножұлдыз Сторми Дэниэлске ақша төлеуге қатысы бар деген айыппен жауапқа тартылады.

Саясаткер Нью-Йорктегі үлкен қазылар алқасының өзін айыптау туралы шешімін "тарихтағы ең жоғары деңгейде саяси қудалау және сайлауға араласу" деп атады.

Трампқа тағылатын нақты айыптар белгісіз, бірақ оның адвокаттары оның кінәсін мойындамайтынын айтып үлгерді. 

Бұрынғы президент кепілмен босатылып, сейсенбі күні кешке Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясына оралады, онда ол сөз сөйлеуді жоспарлап отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!