"132 мың теңге". Қайрат Әділгерей дубляж жасап, қанша жалақы алатынын айтты

Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей әлеуметтік желілердегі парақшаларында дубляж жасайтынын жиі жариялап отырады. Ол осы саладан қанша табыс табатынын атады. Бұл туралы актер "Жақсы адамдарым" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, оқу бітірген соң талай жердің есігін қаққан. Кейін дубляж жасауға жұмысқа кірген. Ол бүгінге дейін сол салада қалған.

"Дубляжда демаламын. 2004 жылы Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген кезде театрға бардық. Ғабит Мүсірепов театрына бардым, қабылдамады, Әуезовке бардым, қабылдамады, Абай атындағы опера және балет театрына бардым. Онда да қабылдамады. 2005 жылы "Қазақстан ұлттық арнасында дубляж бөлімі ашылып жатыр" деген кезде (бардым - еск.), 2005 жылдан бастап істеп келе жатырмын. Әлі күнге дейін. Дубляж қара шаңырақ болып есептеледі. Дубляждан шаршамаймын. 132 мың теңге айлығым бар", - дейді өнер иесі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!