19-қабаттан көлікке құлаған: ер адам таңғаларлық жағдайда аман қалды

Воронежде ер адам 19-қабаттан көлікке құлап, тірі қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Ресейлік Telegram-арналарда биіктен құлаған адамның видеосы пайда болған. Онда құтқарушылар ер адамды көліктің жүксалғышынан көтеріп алып жатқаны көрінеді. Ер адам тұрып, құтқарушылармен бірге жедел жәрдем көлігіне барады.

"Колесниченко көшесіне шақыру 3 сәуірде кешке келді. 1982 жылы туған ер адам 19-қабаттан көлікке құлады", - деді құтқарушы.

Оның айтуынша, ер адам жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.

Воронеж облысы РФ тергеу басқармасы өкілінің айтуынша, болған оқиға бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

"Болған оқиғаның мән-жайы анықталады. Тексеріс нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!