Түркиядағы жер сілкінісінен кейін бір-бірінен көз жазып қалған ана мен бала қауышты

 Түркиядағы жер сілкінісінен кейін бір-бірінен көз жазып қалған ана мен бала қауышты

 Түркиядағы жер сілкінісінде бір-бірінен көз жазып қалған ана мен бала қауышты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың көріспегеніне екі айдай уақыт өткен. ДНК тесті арқылы сәбидің анасы Ясемин Бегдас екені анықталды.

3,5 айлық қыз Президент ұшағымен Анкарадан Аданаға жеткізілген. Өйткені анасы осы жердегі ауруханада ем алып жатыр.

Сәби Хатай провинциядағы 6 ақпанда болған жер сілкінісінен кейін 5 күн өткен соң аман-есен табылған. Оның денсаулығы жақсы. Ал оның әкесі мен екі ағасы жер сілкінісі кезінде опат болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан