"Мына екі хитмен бір-бірін тауыпты". Айшолпан ақынға ақша салған Нұрлан имам Қазнетті тәнті етті

"Мына екі хитмен бір-бірін тауыпты". Айшолпан ақынға ақша салған Нұрлан имам Қазнетті тәнті етті

Ауызашар арнау айтқан ақын қызға Нұрлан имам ақша берді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Алатау серілері TikTok парақшасында жарияланды. Әлеуметтік желіде 90 мың қаралым, 6 мың лайк жинаған.

Өнер иелері төбе көрсеткен ауызашар кешінде айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай домбырамен жыр арнап Нұрлан имамды ортаға шақырады. Есімі аталғанын естіген имам ақынның жанына құр қол келмей телефонынан ақша аударғанын көрсетеді.

@alatau_serileri Нұрлан имамға Айшолпан ақын қарындасымыз арнау айтты!?? #нурланимам #айшолпантлеутай #alatauserileri ♬ оригинальный звук - Alatau serileri

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

"Айшолпан жарайсың", "Нұрлан имам күшті кісі", "Нұреке тамаша жансыз", "Нұрлан имамның жымиып күлгені әдемі", "Мына екі хитмен бір-бірін тауыпты", "Ой, жарайсыздар".

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы