Әлібек Қуантыров ұлттық экономика министрі лауазымында қалды

Әлібек Қуантыров ұлттық экономика министрі лауазымында қалды
Фото: gov.kz

Әлібек Қуантыров ұлттық экономика министрі лауазымында қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы 14 қарашада Гурьев (Атырау) қаласында туған. 2005 - 2006 жылдары Томск мемлекеттік университетін "Қаржы және кредит" және "Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

2008-2010 жылдары Мичиган университетін "Қолданбалы экономика магистрі" дәрежесімен "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тәмамдаған.

Ол бірқатар лауазымды қызмет атқарған. Ал 2021 жылғы ақпаннан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі лауазымында жұмыс атқарған.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова