"Осы уақытқа дейін айтпағанмын". Заттыбек Көпбосынұлы гонорары мен күніне қанша тойға шығатынын атады

Заттыбек Көпбосынұлы гонорары мен күніне қанша тойға шығатынын айтты. Әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында қонақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің сөзінше, гонорар туралы сауалға ұзақ жыл бойы жауап бермеген.

"Он жеті-он сегіз жыл тойдың төңірегінде келе жатырмыз, бұрынғы асабалықты қоспағанда. Эстарада жанрында он жеті жыл. Осы уақытқа дейін қойылған сұрақтардың ешқайсына айтпағанмын. Менің гонорарым мынадай деп айтпағанмын. Себебі ол әркімнің қалтасына, шамасына қарай өзгеріп тұрады. Қазіргі тариф те айтылмайды. ...Білгісі келетіндер менің жеке өзімнің байланыс нөмірлерім бар. "Анам, көкем жақсы көреді" дейтіндер бар. Шамасы келмесе, айтатындар бар. Онда мәміле болады", - дейді ол.

Өнер иесі күніне қанша тойға шығатынын атады.

"Кейде үш, кейде төрт, кейде екі, кейде бір той. Күнде бір деңгейде бола бермейді", - дейді әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!