"20 миллион". Дана Кентай қалыңмалы қанша екенін айтты

Танымал әнші Дана Кентай концерттердің бірінде қалыңмалы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бітірген оқу орындары мен әндерін санамалаған. Алайда кейінірек әнші бәрі әзіл екенін жеткізген.

"Қалыңмалым қанша миллион деймін? Мен енді консерватория бітірдім, магистратура оқыдым, қос-қос қызыл дипломым бар, қанша хит әндерім бар. Қалыңмал қанша дейміз, апа? "20 деді" ана жақта. Қалыңмалым - 20 миллион. Жақсы жігіт болса болды, өзіміздің қазақтың, иманды, қазақи мінезді. Қалыңмалы керек емес, тегін бара беремін", - дейді әнші әзілдеп.

Желі қолданушылары әнші қарапайым жан екенін айтып, отбасында ең бастысы бақытты болу екенін жеткізген.

"Ең бастысы, жастардың бақытты болғаны, дүние-мүлік махаббат болмаса, қалатын дүние", "Тезірек өз бақытыңызды табуыңызды тілейміз, қарапайым жансыз", "Керемет, қарапайым сүйіп тындайтын әншімсіз. Қылықтарыңыз өзіңізге жарасады. Бақытты бол!" - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!