Twitter логотипін ауыстырды

Twitter логотипін ауыстырды

Twitter компаниясы логотипін ауыстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.

Көк құстың бейнесі Dogecoin криптовалютасының символы болып есептелінетін иттің суретімен ауысты.

Бұл өзгерістен кейін Binance криптовалюта биржасында Dogecoin құны 30 пайызға өскен.

Бұл туралы Twitter басшысы Илон Маск Twitter-парақшасында да бөлісті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек