Cartier және Dior. Қазақстандық футболшы қалыңдығына Парижде қымбат сыйлықтар әперді

Cartier және Dior. Қазақстандық футболшы қалыңдығына Парижде қымбат сыйлықтар әперді
Фото: instagram.com/abilovva_m

Қазақстандық футболшы Дінмұхамед Қашкен қалыңдығы - 20 жастағы блогер әрі модель Мерей Әбіловаға қымбат сыйлықтар берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Дінмұхамед Қашкеннің қалыңдығы Парижде қалай сауда жасағанын 22 наурызда Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Видеода Дінмұхамед Қашкен қызына екі бренд - Loro Piana және Saint Laurent-тің біреуін көрмей таңдауды ұсынады. Оның қалыңдығы Saint Laurent-ті таңдап, бұл брендтен ол өзіне сөмке сатып алады.

Одан кейін футболшы Мерей Әбіловаға тағы бір рет таңдау жасауды ұсынады. Бұл - әйгілі француз зергерлік дүкені Cartier мен одан сәл қарапайым бренд - Pandora. Қашкеннің қалыңдығы Cartier-ді таңдайды, екеуі бұл жерден жаңа әшекейлер сатып алады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ABILOVVA MEREY (@abilovva_m)

Үшінші рет блогер Dior мен Prada-ның біріншісін таңдап алып, ол жерден бірнеше пакет зат алып шығады.

Видеоның соңында футболшы қалыңдығына McDonald’s пен ресторанның біреуін таңдауды ұсынады. Мерей Әбілова ресторан деген қағазды таңдап алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz