Жарты жыл бұрын із-түссіз жоғалған Екібастұз тұрғыны өлі табылды

Жарты жыл бұрын із-түссіз жоғалған Екібастұз тұрғыны өлі табылды
Фото: instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita

2022 жылғы 13 қазаннан бері із-түссіз жоғалған Екібастұз тұрғыны Денис Покотиленко өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның мәйіті 2 сәуірде сағат 17:20 шамасында Екібастұздағы "Союз" саяжай қоғамының жанындағы теміржол көпірінің астындағы Қ.Сәтбаев атындағы каналдың су каналынан табылған.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, мәйітте зорлық белгілері жоқ.

Оқиға орнынан жоғалған адамның атына смарт-сағат пен Kaspi Gold магниттік карточкасы тәркіленді. Мәйітті әкесі таныды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процесстік шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан