"1 миллион алған". БҚО-да әйел екі баласын сатып жіберген

"1 миллион алған". БҚО-да әйел екі баласын сатып жіберген
Фото: elements.envato.com

Ішкі істер министрлігі өкілі Шұғыла Тұрлыбек Қазақстанда Қарақалпақстаннан келген әйел екі баласын заңсыз жолмен сатып жібергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орал қаласында уақытша тұрып келген әйел 3 жасар қызын 1 миллион теңгеге сатқан соң құрықталған.

"Орал қаласында балаларын сатқан Қарақалпақстан Республикасының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол 2018 және 2019 жылы туған екі баласын да саудаға салғаны белгілі болды. Бірінші дерек 2018 жылғы маусымда болғанын анықтадық. Әйел ол кезде жаңа туған нәрестесін Атырау облысындағы отбасылық жұпқа заңсыз жолмен асырап алуға берген. Ал екінші дерек былтырғы желтоқсанда болған. Бұл кезде де ол өзінің үш жасар қызын 1 миллион теңгеге Оралдағы жұпқа сатқан", - деді ведомство өкілі.

Бұл деректер негізінде полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша іс қозғады.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова