Құлдыққа түспеу жолдары: Ішкі істер министрлігі кеңес берді

Ішкі істер министрлігі адам саудасының құрбаны болмау үшін бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Адам саудасы - кешенді шешім талап ететін халықаралық мәселе. Осы мақсатта елімізде заңнамалық, алдын алу және практикалық шараларды қамтитын тиімді жұмыс механизмі құрылды", - деп хабарлады министрлік өкілі.

Ішкі істер министрлігі мыналарды ұсынады:

  • оңай ақша табу үшін күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз;
  • жеке басын куәландыратын құжаттарды ешкімге бермеңіз;
  • басқа қалаға немесе елге кеткенде байланыс нөміріңіз бен мекенжайыңызды туыстарыңыз бен достарыңызға қалдырыңыз.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі жұртшылықты бей-жай қарамауға және мұндай құқықбұзушылықтардың куәгері болса, әрекет етуге шақырды.

"Егер кімде-кім осындай жағдайға тап болса, дереу жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарласыңыз, 102 немесе 116 сенім телефондарына хабарласыңыз. Сондай-ақ, әр өңірде адам саудасының құрбандарына көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдар полициямен бірлесе жұмыс істейтінін және көмек көрсетуге дайын екенін білуіңіз керек", - деді министрлік өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!