Анасы жаңа туған сәбиін өлтірген: Қазақстанда тағы қандай жантүршігерлік қылмыстар жасалып жатыр?

Анасы жаңа туған сәбиін өлтірген: Қазақстанда тағы қандай жантүршігерлік қылмыстар жасалып жатыр?

Ranking.kz сарапшылары кейінгі жылдағы жантүршігерлік қылмыстар туралы мәліметтер жинаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірінші блок - "Тұлғаға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар". Ол қылмыстың төрт түрін қамтиды. Солардың ішінде қоғамда ең ауыр және азапты жағдайдың бірі - ананың жаңа туған сәбиін өлтіруі. Еліміздің ішкі істер органдары кейінгі бес жылда жыл сайын ҚР Қылмыстық кодексінің осы бабы бойынша кемінде 5 қылмыстық іс қозғаса, бұл кезеңде барлығы 47 осындай қылмыс тіркелді. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәліметінше, 2022 және 2017 жылдары жасөспірім қыздардың жаңа туған сәбилерін өлтіру деректері бірнеше рет тіркелген.

Кейбір жағдайларда қара трансплантация және азаматтарды психиатриялық ауруханаға заңсыз жатқызу жағдайлары да болды. 2020 жылы адам ағзасын заңсыз алу деректері бойынша өтініштер көбейген (олардың саны 57 болған). Дәл сол жылы астаналық сотта қазақстандық ауруханаларда шетелдіктерге бүйректерін сатып, ауыстырды деген күдікке ілінген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың атышулы ісі қаралды. Айыпталушылар - Астана мен Шымкенттен екі дәрігер. Дәл осы айыптар бойынша дәрігерлер ақталды, бірақ хирургтардың бірі кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танылды. 

Бөлімдегі қылмыстық істердің саны бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы "Адам саудасы" көш бастап тұр. Бес жыл ішінде мұндай 116 құқықбұзушылық анықталды, сонымен қатар, 2020 және 2021 жылдары олардың саны азайған. 2019 жылғы 43-ке қарсы сәйкесінше 5 және 14 іс. 

Қазақстандағы адам саудасына қарсы күрес жөніндегі америкалық арнайы агенттігінің статистикасы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитетінің ақпаратынан айтарлықтай ерекшеленеді. Басқарма баяндамасына сәйкес, 2021 жылы ҚР-да құлдық бойынша 20 арыз қарауға қабылданды (ҚС АЕК мәліметінше - 5), былтырғы істерді есепке ала отырып, 49 қылмыстық іс сотқа жолданды, 23 саудагер сотталды. 16 қылмыскер 7 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, тағы 7 адам 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың бірі - қылмыстық топқа Өзбекстаннан келген әйелдерді Қазақстанға сексуалдық құлдыққа жеткізуге көмектескен Атырау облысындағы шекара қызметінің қызметкері.

2017 жылдан бастап 2023 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандарды сату-сатып алу бойынша 74 арыз түскен. Оның ішінде 4 іс биыл қаңтар-ақпан айларында тіркелген. Қаңтардың соңында Тараз полицейлері жаңа туған қызды 1,5 миллион теңгеге сатқаны үшін қалалық аурухананың екі акушеріне қатысты тергеуді бастады.

74 қылмыс - Қазақстандағы "балалар базарында" болып жатқан оқиғалардың аз ғана бөлігі.

Кейінгі бес жылда Қазақстанда радиоактив, ядролық материалдармен заңсыз айналысу бойынша 20 қылмыстық іс қозғалса, тағы 4 іс осындай қауіпті заттарды ұрлау бойынша қозғалған.

Былтыр ҚР ҚС АЕК статистикасы бойынша жаппай қырып-жоятын қаруды, қаруды немесе әскери техниканы жасау кезінде қолданылатын технологияларды, ақпаратты және қызметтерді заңсыз әкетудің бір дерегі тіркелген.

Қоғамға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар санатына ежелгі қорғандарды қазып жатқан археологтарға қатысты қылмыстық істер де кіреді. Бес жыл ішінде мұндай тек 3 қылмыстық іс тіркеліп, олардың ешқайсында да күдіктілер анықталмаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова