Ақмолалық тұрғын 19 жастағы қызды интим қызмет көрсету үшін 250 мың теңгеге сатқан

Ақмолалық тұрғын 19 жастағы қызды интим қызмет көрсету үшін 250 мың теңгеге сатқан
Фото: elements.envato.com

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыл Тұрлыбет ведомствоның онлайн брифингінде адам саудасына қатысты деректерді жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Петропавлда адам саудасымен айналысқан Ақмола облысының тұрғыны қолға түскен. Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті интернет пен әлеуметтік желі арқылы материалдық жағдайы ауыр қыздарды, оның ішінде қолайсыз және толық емес отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарды іздегені анықталды.

Ол қармағына ілінген қыздармен танысып, жұмыс табуға көмектесетінін айтып сендірген. Осылайша, Петропавлға шақырып отырған.

"Қыздар қалаға келгеннен кейін оларға психологиялық қысым жасалып, қорқытып, физикалық зорлық-зомбылық көрсетіліп, жыныстық қанау мен саудаға пайдаланылған. Осы тәсілмен күдікті Қостанайдың 19 жастағы тұрғынын жалдап, оны қаладағы сауналар мен қонақ үйлерде интим қызмекте пайдалану үшін 250 мың теңгеге сатқан", - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бұл дерек соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 128-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

"Ал жәбірленуші қажет көмек көрсету үшін арнайы баспанаға жіберілді", - деді ІІМ өкілі.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек