Атыраулықтар Шавхат Рахмоновқа "қасқыр" сыйлады

Атыраулықтар Шавхат Рахмоновқа "қасқыр" сыйлады

Атыраулықтар аралас жекпе-жек шебері Шавхат Рахмоновқа қасқыр сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Шавхаттың Атырау жұртшылығымен кездесуінен кейін тарады. Жергілікті мобилограф Нариман TikTok-парақшасына видео жүктеген. Онда атыраулық бір топ жігіттің Шавхат Рахмоновқа қасқырдан жасалған ерекше орындықты сыйға тартқанын көруге болады.

"Біз енді сыйлық дайындап қойдық. "Хамзат Чимаев қасқыр болса, онда біздің бауырымыз Шавхат Рахмонов отырсын" деп осындай ерекше сыйлығымыз бар" , - делінген видеода.

Одан өзге келген қонақтар Шавхат Рахмоновқа арнайы ат мінгізді.

@k.narimann Атырау?? #ufc ♬ оригинальный звук - MOBILOGRAPHER-?

Айта кетейік, Шавхат Рахмонов 2023 жылы 14 қаңтарда Лас-Вегас төрінде америкалық Джеффа Ниланы қылқындыру әдісімен жеңген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы