"Көңілім босап кетті". Қазақ әндерін корей тілінде шырқап жүрген әнші көзіне жас алды

"Көңілім босап кетті". Қазақ әндерін корей тілінде шырқап жүрген әнші көзіне жас алды
Фото: Instagram/songwonsub87

Қазақ әндерін корей тілінде шырқап жүрген әнші Соң Уон Соб "Түнгі студия" жобасында ата-анасын еске алып жылап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жүргізушілер әншіден ата-анасының өнерге қатысы бар ма деп сұрады.

"Негізі ата-анамның өнерге қатысы жоқ. Әкем кішкентай кезінен суретке әуес болған", - деді ол. 

Кейін өнер иесі студиядан ата-анасына сәлем жолдағысы келетінін айтты. 

"Әрең шыдап отырмын. Көзімнен жас шығып кететін сияқты. Көңілім босап кетті. Бағып-қағып осы кезге жеткізген ата-анама рақмет", - дейді ол.

Әншінің айтуынша, ол 3 жыл бұрын Қазақстанда концерт жоспарлаған. Алайда билеттер сатылмаған соң, концерттен бас тартуға тура келді. Бірақ әнші биыл Өзбекстандағы турынан кейін Қазақстанға келіп, бірнеше қалада концерт берді. 

Еске салайық, бұған дейін Батырхан Шүкенов пен Мирас Жүгінісовтің әнін корей тілінде орындап жүрген әншімен сұхбаттасқан едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек