Рамазанда азық-түлік таратылған жердегі қысым салдарынан 11 адам қаза тапты - БАҚ

Рамазанда азық-түлік таратылған жердегі қысым салдарынан 11 адам қаза тапты - БАҚ
Фото: epochtimes.com.ua

Пәкістанда Рамазан айында азық-түлік таратылған жердегі қысым салдарынан 11 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Epochtimes.com.ua.

Полиция мен құтқарушылардың айтуынша, Рамазан айында Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласындағы азық-түлік тарату орталығында болған қысым салдарынан шамамен 11 адам - әйелдер мен балалар қаза тапқан.

Ал кейінгі жұмада жүздеген адам фабрика маңында тамақ алу үшін бір-бірін итере бастаған кезде жарақат алған. Полиция өкілі Мугис Хашмидің айтуынша, кейбіреулері жақын маңдағы кәріз құдығына құлаған.

Жергілікті БАҚ сегіз әйел мен үш бала қайтыс болғанын хабарлады.

Хашми азық-түлік тарату орталығын ұйымдастырған зауыт иесі полицияға жоспары туралы ескертпеген. Оның айтуынша, жергілікті полиция бұл туралы білмеген.

Басылым мәліметінше, сыртқы істер министрі Билавал Бхутто Зардари билікке оқиғаның себептерін тергеуге бұйрық берген.

Кейінгі аптадан бері бүкіл ел бойынша тегін азық-түлік тарату пункттеріндегі қысымнан қаза тапқандар саны кем дегенде 21 адамға жеткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова