Ақтөбеде әріптесін балағаттаған әйел жұмысынан айырылды

Ақтөбеде әріптесін балағаттаған әйел жұмысынан айырылды

Ақтөбеде әріптесін балағаттаған сот орындаушысы жұмысынан айырылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, сот әділет министрлігінің талабы бойынша сот орындаушысын лицензиясынан айырған. 

Сот орындаушысы әріптесімен чат арқылы сөйлесіп жатқан кезде балағат сөздер жазған. Кінәлі адамның сөзінше, ол бұл сөзді өзі жазбаған. Оның орнына танысы жазып жіберген екен. Бірақ кінәлі әйел адам аудиохабарламада да балағат сөздер айтқан болып шықты.  

Нәтижесінде сот орындаушысы балағат сөз айтқаны үшін республикалық палатадан шығарылды. Кейінірек Әділет министрлігі сотқа лицензиясынан айыру туралы өтініш жасады. Судья Қалмұхамбетов Әділет министрлігінің талаптары негізделген деп шешіп, сот орындаушысын лицензиядан айырған. 

Еске салайық, 6 наурыздан бастап қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны үшін айыппұл (ұсақ бұзақылық) Қазақстанда төрт есе көбейген болатын. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер күшіне енді. 

Енді қоғамдық орында былапыт сөз айтқандар 69 мың теңге айыппұл (бұрын 17 250 теңге болған) немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина